Ламинаран

Аталмыш полисахарид сұрғылт теңіз балдырының компоненті болып табылады. Ол бүкіл ағзаға, әсіресе жүрек қантамырларының қызметі мен ас қорыту жүйесінің жұмысына оң әсерін береді.

Жүрек қантамырлар жүйесі

Ламинаран ағзадағы май алмасу үдерісін реттеп, атеросклерозға қарсы тұрады. Қанды сұйылту қасиетінің арқасында гепариннің үштен бір бөлігіндей әсерге ие. Сондықтан да қан ұйықтарының түзілуі азаяды. Сұйық қан ағзаның қабынған жеріне жаушаларды жақсы әрі жылдам тасымалдайды. Сол себепті тез қалпына келеді әрі жылдам жазылады.

pic pic pic

Ас қорыту жүйесі

Ламинарин асқазан-ішек жолдарының зат алмасу процесі мен ас қорыту жүйесінің секрециялық қызметіне керемет әсер етеді. Ламинарин ферменттердің жұмысын реттеп қана қоймай, патогендік микроағзалардан түзілген токсиндердің артық мөлшерінен болатын зарарларға қарсы тұрады. Сондай ақ антиоксиданттық қасиетіне байланысты ас қорыту жүйесінің қабынуларына тосқауыл болады.

pic

Иммундық жүйе

Ламинарин түрлі микробтар мен вирустарға қарсы тұрар қасиетке ие. Иммунитеттің макрофаг пен Т-жасушалар тобының қызметін арттырады. Бұл дегеніміз қатерлі ісікке қарсы кешенді терапияға қажет көмек және де оны болдырмаудың бірден бір жолы.

pic pic

Ағзаны тазалау

Ламинаран ағзаны зиянды токсиндерден, радионуклидттер мен ауыр металдардан тазартады. Фагоцитоз әрекетінің күшеюіне байланысты патогендік бактериялар мен олардың қалдықтары жақсы қорытылады.

ағзаның токсиндерден арылуы